Елордада жылына 40 мың дана эвакуациялық құтқару қалқандары шығарылады

0
783

«Akbarys Protection» эвакуациялық құтқару қалқандарын шығаратын зауыттың салтанатты ашылуы өтті.


Елордада жылына 40 мың дана эвакуациялық құтқару қалқандары шығарылады

ERNUR.KZ. Нұр-Сұлтанда «Akbarys Protection» эвакуациялық құтқару қалқандарын шығарушы жаңа зауыттың салтанатты ашылуы өтті, деп жазады Елорда Инфо.

Зауыттың ашылуына қала әкімінің орынбасары Малика Бектұрова қатысты.

Зауыт «Астана – жаңа қала» АЭА аумағында орналасқан, әкімшілік тарапынан дамып келе жатқан бизнеске барлық көмек көрсетілуде.

Жобаның әлеуметтік мәні - халықты жұмыспен қамтамасыз ету. Олардың басым бөлігі – әйелдер.

Мемлекет басшысының кәсіпкерліктің дамуы мен отандық тауар өндірушілерді қолдауға аса көңіл бөлетінін атап өткен жөн.

Шағын және орта бизнес тұрақты азаматтық қоғамның негізі және барлық қазақстандықтардың әл-ауқаты оның шарықтауына байланысты.