Ел арасында шу тудырған жеңіл рельсті транспорт немесе LRT-ның ендігі тағдыры қандай болады ?
ERNUR.KZ. Осы мақсатта Нұр-Сұлтан әкімдігінің Урбанистика орталығы көлік, құрылыс саласы мамандар мен инженерлер, сәулетшілер мен LRT-ның жағдайын талқыға салғысы келетін ел тұрғындарының ұсыныс, пікірлерін білгісі келеді, деп жазады ҚазАқпарат.
Барлық идеялар мен ұсыныстарды урбанистика орталығының Centerofurbanism@gmail.com. ресми почтасына жіберуге болады.
Алдын ала таңдаулардан соң Урбанистика орталығы үздік деген жобаларды талқылау үшін арнайы шақырту алады.