Қазақстанда 1 қазаннан 1 қарашаға дейін емхананы таңдау және ауыстыру науқаны жалғасуда.
ERNUR.KZ. Науқан аясында азаматтар өздеріне ыңғайлы медициналық ұйымды таңдап, оған eGov.kz порталы немесе eGov Mobile қосымшасы арқылы онлайн тіркеле алады. Төменде тіркелудің қадамдық нұсқаулығы толық көрсетілген, деп жазады baq.kz.
eGov.kz порталында емхананы қалай ауыстыруға болады?
Электронды үкіметтің мәліметінше, тіркелу үшін мына қадамдарды орындау қажет:
• eGov.kz порталына кіріп, авторизациядан өту;
• «Азаматтарға/Бизнеске» – «Денсаулық сақтау» бөліміне өту;
• «Медициналық көмек» – «Емханаға тіркелу» қызметін таңдап, тиісті деректерді толтыру;
• Қызметті ЭЦҚ немесе қолжетімді әдістердің бірімен қол қою;
• Нәтижені «Қызметтер тарихы» бөлімінен тексеру.
eGov Mobile арқылы тіркелу
Қосымшада бұл қызметті қалай қолдану жөніндегі бейнематериал жарияланды.
Емхананы қашан ауыстыруға болады?
Электронды үкіметтің ақпаратына сәйкес, медициналық ұйымды тек науқан кезінде ғана емес, басқа жағдайларда да ауыстыруға болады. Мысалы:
• басқа елді мекенге көшкенде;
• жұмыс немесе оқу орнын өзгерткенде;
• емхана жабылғанда немесе қайта ұйымдастырылғанда.
Мұндай жағдайда науқаннан тыс кезеңде емхананы жылына бір рет ауыстыруға мүмкіндік бар.