Емхананы онлайн түрді ауыстыруға болады: қазақстандықтарға екі ай уақыт берілді

0
88

Осы екі ай кезеңде азаматтар өз поликлиникасын ауыстыруға мүмкіндік алады.


Емхананы онлайн түрді ауыстыруға болады: қазақстандықтарға екі ай уақыт берілді

Фото: Zakon.kz

ERNUR.KZ. "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ баспасөз қызметі 15 қыркүйектен 15 қарашаға дейін Қазақстанда медициналық ұйымдарға тіркеу науқаны өтетіндігін еске салды, деп жазады zakon.kz.

Осы екі ай кезеңде азаматтар өз поликлиникасын ауыстыруға мүмкіндік алады.

Мамандар бұл рәсімді толықтай онлайн режимде – eGov.kz порталы немесе eGov Mobile мобильді қосымшасы арқылы, медициналық ұйымға бармай-ақ орындауға болатынын атап өтті.

Аталмыш қызмет поликлиникаға тіркеліп, учаскелік дәрігерді таңдауға мүмкіндік беретіндігі белгілі болды.

"Таңдалған дәрігерге сәйкес медициналық қызмет көрсету аумағы жүйеде автоматты түрде көрсетіледі. Науқан қорытындылары келесі күнтізбелік жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді",- деп мәлімдеді ведомство.

Алдыңғы ұйымнан тіркеуден шығару жаңа өтінім расталғаннан кейін автоматты түрде жүзеге асырылады.

Сондай-ақ, науқаннан тыс уақытта да поликлиниканы ауыстыруға болады. Бұл басқа елді мекенге қоныс аударғанда, жұмыс немесе оқу орнын ауыстырғанда, сондай-ақ поликлиника қайта ұйымдастырылған немесе жабылған жағдайда мүмкін. Мұндай жағдайда қызметті жылына бір рет қолдануға болады.

Қызметті eGov Mobile қосымшасында пайдалану үшін:

  • eGov Mobile қосымшасында авторизациядан өтіп, "eGov мемлекеттік қызметтері" – "Денсаулық сақтау" бөліміне өту қажет;
  • "Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымға бекіту" қызметін таңдап, қажетті деректерді енгізу қажет;
  • қызметті қолжетімді қол қою әдістерінің бірімен растау қажет;
  • өтінімнің өңделу мәртебесін "Қызметтер тарихы" бөлімінен қадағалауға болады.