Ең төменгі жалақы мөлшерін көтеру жоспары бар – министр

0
101

Бұл мәселе пысықтауды қажет етеді.


Ең төменгі жалақы мөлшерін көтеру жоспары бар – министр

Фото: Үкімет

ERNUR.KZ. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев ең төменгі жалақы мөлшеріне қатысты сауалға жауап берді, деп жазады inbusiness.kz.

Тілшілер: "Ең төменгі жалақы 85 мың теңгеден өсуі мүмкін бе?" деп сұрады.

"Бізге осындай сұрақтар көп қойылады. Бірақ мен тағы да бір айта кетейін, бұл жалпы ең төменгі минималды көрсеткіш. 85 мың теңгені көтеру бойынша 2024 жылы арнайы қағиданы жасап, оны уәкілетті органдарға жібердік. Қазір оны Ұлттық экономика министрлігі, Қаржы министрлігі, басқа да уәкілетті органдар қарап отыр. Жақында Ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмрин негізгі мақсат бұл көрсеткішті 150 мың теңгеге жеткізуге тырысуымыз керек екенін айтты. Мен бұл жерде түсіндіріп өтейін. Жалпы қазір 85 мың теңгеден көтеру жағын Үкімет, Ұлттық банк, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі нақты жоспарды белгілеп қойды. Оның мерзімі бар, қазір талқылау жүріп жатыр. Содан кейін біз ортақ шешімге келуіміз қажет", – деді Асқарбек Ертаев Үкімет отырысынан кейін өткен брифингте.

Министр ең төменгі жалақы мөлшерін көтеру жоспары бар екенін жеткізді.

"Бірақ оның қаншаға көтерілетінін нақты айта алмаймын. Себебі оны пысықтап, талқылау керек", – деп атап өтті ведомство басшысы.