​Енді электронды журналды тегін пайдалануға болады

0
1 278

Бұл туралы ҚР Білім және ғылым вице-министрі Рүстем Биғари мәлімдеді.


​Енді электронды журналды тегін пайдалануға болады

2019 жылғы 29 наурыз күні Нұр-Сұлтан қаласында ҚР Білім және ғылым министрлігі мен Beeline Қазақстан компаниясы ортақ меморандумға қол қойды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Құжатта білім беру саласындағы жобалар бойынша ынтымақтастық, индустриялық-инновациялық даму, цифрландыру мәселесі, технологиялық шешімдер, арнайы тарифтік ұсыныстар, бірлескен ақпараттық және басқа да іс-шараларды өткізуқарастырылған. Меморандумның іске асырылу уақыты – созу құқығымен қоса үш жыл. Қол қойылған құжат ынтымақтастық аясын кеңейтуге септігін тигізетіндігіне екі жақ та сенімді.

«КЛАССный» тарифтік жоспары интернет-трафикке ақша төлемей-ақ Қазақстан бойынша электронды журналды тегін пайдалануға мүмкіндік береді. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым вице-министрі Рүстем Биғари мәлімдеді.

«Біз Beeline компаниясына білім саласын цифрландыруға қосқан үлесі үшін алғысымызды білдіреміз. Бұл – бизнестегі әлеуметтік жауапкершіліктің жарқын үлгісі. Тарифтік жоспар мұғалімдерге, ата-аналар мен оқушыларға электронды журналды тегін пайдалануға мүмкіндік береді. Яғни, бұл тариф арқылы электронды журналды қолданушылар интернет үшін бір теңге де төлемейді», - деді вице-министр.

Дереккөз: ҚР БҒМ баспасөз қызметі