Елімізде несие берілгені туралы ақпарат бір күнге дейін қысқаруы мүмкін.
ERNUR.KZ. Қазақстандықтардың несиесі туралы ақпарат енді бір күннің ішінде бірыңғай базаға енгізіледі, деп жазады Azattyq Rýhy.
Бұл туралы Мәжіліс депутаты Дания Еспаева «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне сақтандыру нарығын және бағалы қағаздар нарығын реттеу мен дамыту мәселелері бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» заң жобасын мақұлдау барысында мәлім етті.
«Бүгінде несие алу саласында көптеген алаяқтық жағдайлары көп кездеседі. Әрбір қаржылық ұйым немесе екінші деңгейдегі банктер берілген несиелер туралы кредиттік бюроға жолдайды, онда берілген несиелердің базасы 15 күннің ішінде қалыптасады. Біздің түзетулерге сәйкес, несие беру ақпараттары бір күннің ішінде тіркеледі. Енді, бір-екі күннің ішінде 5-6 банкте бір мезгілде несие алуға тырысқан адамдарда мұндай мүмкіндік болмайды», - деді Д. Еспаева.
Егер түзетулер мақұлданса, онда бірінші несиелік бюро азаматтың несиеге рұқсат алғанын жазады. Ал бюродан кейін адамның қарыз жүктемесі есептелетін болады. Қарыз алушының табысы жеткіліксіз деп танылған жағдайда, оған басқа несие беруден бас тартылады. Бұл, Дания Еспаеваның айтуынша, интернеттегі алаяқтықты да жоюға мүмкіндік береді.