Енді коронавирустан қайтыс болғандарды аптасына бір рет жариялайды

0
544

Науқастың КВИ немесе басқа аурудан қайтыс болғаны кейін анықталып жатады.


Енді коронавирустан қайтыс болғандарды аптасына бір рет жариялайды

ERNUR.KZ. Қазақстанда коронавирустың өлімі туралы статистика аптасына бір рет жарияланады. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты, деп жазады baq.kz.

"Бұл маңызды жағдай. Енді біз статистикалық мәліметтерді өңдеуді жоспарлап отырмыз. Бұған дейін біз күн сайын осындай мәліметтерді жіберіп отырдық. Бірақ науқастың КВИ немесе басқа аурудан қайтыс болғаны кейін анықталып жатады. Әдетте, бұған бір немесе екі күн кетеді. Кейде науқас алдынғы күні қайтыс болады, ал бізге ақпарат келесі күні жетеді. Сондықтан күн сайын емес, статистиканы аптасына бір рет ұсынбақпыз", - деді Цой.

Сонымен қатар, ауру адамдардың "апта сайын ауырған" жағдайларын денсаулық сақтау министрлігі ресми ресурстарында көрсетеді.

"Осыған байланысты біз күнделікті жедел статистикалық көрсеткіштерді қадағалап отырамыз. Сосын аптасына бір рет жинақтап, халыққа ұсынамыз", - дейді министр.