Енді мемлекеттен әлеуметтік көмек алғысы келетіндер тексеріледі

0
118

Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен брифингте Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Олжас Анафин айтты.


Енді мемлекеттен әлеуметтік көмек алғысы келетіндер тексеріледі

ERNUR.KZ. 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап АӘК-ке үміткер азаматтардың шығыстарын есепке алу тетігін сынақтан өткізу жөніндегі пилоттық жобаны іске қосу жоспарланып отыр, деп жазады baq.kz.

Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен брифингте Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Олжас Анафин айтты.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекет басшысының нақты мұқтаж азаматтардың жиынтық кірістері мен шығыстарын айқындауды ескере отырып, халыққа әлеуметтік көмек көрсету тетігін жетілдіру жөнінде шаралар қабылдау тапсырмасын орындау үшін Әлеуметтік кодекске енгізілетін түзетулер әзірлеп, Үкіметтің қарауына жіберді.

АӘК тағайындау кезінде азаматтардың мұқтаж еместігін айқындау өлшемшарттарын мыналармен толықтыру ұсынылады: тұрғын үй және жеңіл автокөлік сатып алу; ипотекалық қарызды қоспағанда, отбасының әрбір мүшесіне айына бір ең төмен күнкөріс деңгейінен жоғары мөлшерде банктік қарыздар және микрокредиттер ресімдеу; адамның банктік шоттары бойынша жиынтығында отбасының әрбір мүшесіне айына кедейлік шегінен асатын шығыс операцияларының болуы; ипотекалық депозитті қоспағанда, бір отбасына 200 АЕК-тен астам мөлшердегі жинақ салымының, депозиттің болуы. 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап АӘК-ке үміткер азаматтардың шығыстарын есепке алу тетігін олардың келісімін ала отырып, сынақтан өткізу жөніндегі пилоттық жобаны іске қосу жоспарланып отыр, – деді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Олжас Анафин.