Енді оқушылардың тамағын медбикелер бақылайды – министрлік

0
292

Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті мәлімдеме жасады.


Енді оқушылардың тамағын медбикелер бақылайды – министрлік

Фото: istockphoto.com

ERNUR.KZ. Қазақстан мектептерінде медбикелер оқушылардың тамақтану процесін реттейтін болады. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Насымжан Оспанова мәлімдеді, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

«Бұрын медбикелер мектепте балаларға алғашқы медициналық көмек көрсетуден басқа, вакцинация жасайтын, өйткені екпе кабинеті міндетті түрде тамақтануды ұйымдастыру процесін бақылайтын. Қазір олардың қызметінен тамақтануды ұйымдастыру алынып тасталды. Біздің міндетіміз – оны қайтадан қалпына келтіру, бәлкім диетолог енгізілуі мүмкін», - деді комитет төрағасы.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта министрліктің 578-бұйрығына сәйкес екі апталық мәзірді білім басқармалары әзірлейді әрі өздері келісім береді. Ал облыс немесе қала тамақтануды бір мәзір бойынша ұйымдастырады.

«Қазақ тамақтану академиясы белгі берді. Мұндай индекс бар, ол жеуге болмайтын тағамдардың индексі деп аталады. Бұл өте жоғары, сондықтан бұл мәселеде шұғыл жұмыс істеу керек. Балалардың тәбеті болуы үшін дәмді тағамдар ұсыну керек», - деп қорытындылады Оспанова.