Өнер иесі досына араша түсемін деп түрмеге түскен болатын.
Фото: Видеодан скрин
ERNUR.KZ. Алматыдағы караоке-барда жаппай төбелеске қатысып, 6 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылған белгілі актер Асқар Жұмабек қамаудан босатылды, деп жазады stan.kz.
Өнер иесі досына араша түсемін деп түрмеге түскен болатын.
“Алла ұлық! Алла ғажайып беруші. Алла – жалғыз. Сүйінші қазақ елі, менің жанашырларым, көрермендерім! Мен орталарыңызға қайта оралдым!”, – деп жазды актер.
Желі қолданушылары кино жұлдызының аман-есен босап шыққанына құттықтау-тілек жазып жатыр.
“Енді тентек болма”, “Аман-есен оралдың, енді киноға түс”, “Қуанғанымнан жылап алдым”, “Әділетсіздіктің құрбаны болып кеткен едің”, “Достарыңның арқасында босап шықты”, – деп жазды көпшілік.
Еске салайық, Асқар Жұмабектің бұрын істі болғаны туралы ақпарат тараған еді.