1981 жылы туған ер адамға 2 банка энергетикалық сусын ішкеннен кейін пайда болған.
ERNUR.KZ. Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлері саяхатшыға көмек көрсетті, деп жазады baq.kz.
Белгілі болғандай, түн ішінде трассалық медициналық-құтқару пунктіне Алматыдан Қарағандыға келе жатқан автомашина жолаушыларының бірінің денсаулығы нашарлағаны туралы шақырту келіп түскен.
Жедел әрекет ету бригадасының дәрігерлері 1981 жылы туған ер адамға 2 банка энергетикалық сусын ішкеннен кейін пайда болған, жіті панкреатит диагнозын қойып, медициналық көмек көрсеткеннен кейін зардап шеккенді Балқаш қаласының ауруханасына жеткізді.
ТЖМ Апаттар медицинасы қызметі ескертеді: энергетикалық сусындарды шамадан тыс тұтыну сіздің денсаулығыңызға кері әсер етуі мүмкін.