“Еркектің қойнында құт бар”: Құралай ханым әйелдерге үндеу тастады (видео)

0
1 032

Танымал психолог Құралай ханым әлеуметтік желіде ерлі-зайыптылардың қарым-қатынасы туралы пікірін жариялады.


“Еркектің қойнында құт бар”: Құралай ханым әйелдерге үндеу тастады (видео)

ERNUR.KZ. Оның айтуынша, күйеуі мен әйелі құшақтасқанда ғана отбасыға береке кіреді, деп жазады exk.kz.

Әлеуметтік желіде пайда болған бейнежазбада Құралай ханым әйелдерге ақыл-кеңесін айтып жатыр. Онда ол ерлі-зайыптылардың құшақтасу арқылы бірін бірі емдейтіні және отбасының экономикасына жақындасудың пайдасы орасан зор екенін айтады.

"Күйеуіңіздің қасына жақындағанда Алла Тағала екеуіңізді бір энергетикалық жіппен орайды. Егер теріс қарап жатсаңыздар орталарыңызға шайтан жатып алады. Ол деген сондай оңбаған, араңызға бүкіл қарызды, ауруды салып, берекеңізді алып кетеді. Бұл бірінші сіздің қалтаңызға тиімсіз. Басқасы былай тұрсын, ақшаны айтайын сіздерге. Күйеуіңіздің қойнында жатыңыздар. Ол жерде береке бар", — деді Құралай ханым.




Ал желі қолданушылары психологтың бұл сөзіне. "Ата-енең, әке-шешең, бауырларың көріп отыр. Ұят қайда, төсек әңгімесі әркімнің жеке құпиясы емес пе? Күйеуіңнің де басы істемейді екен осындай әңгімеге рұқсат берген", "Енді сол қалып еді. Ақылды адамдар жеке өмірін жария қылмайды. Қалай жатуды жария қылу ұят нәрсе" "Дұрыс айтады сөзінің жаны бар" , — деп түрлі пікір қалдырған.