Ермекбаев кешірім сұрауы керек – Тоқтар Әубәкіров

0
1 187

«Қорғаныс министрі кешірім сұрауы керек. Ол үкіметтің мекемесі».


Ермекбаев кешірім сұрауы керек – Тоқтар Әубәкіров

ERNUR.KZ. «Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев кешірім сұрауы керек». Бұл туралы Қазақтың тұңғыш ғашыркері Тоқтар Әубәкіров айтты, деп жазады zhasalash.kz.

«Қорғаныс министрі кешірім сұрауы керек. Ол үкіметтің мекемесі. Министр кешірім сұрап, екінші рет халықты мұндай апатқа душар етпеуі керек. Өзіміз де ел болып, жұрт болып Арысқа көмектесейік. Бұдан бұрын да бұл жерде басты кінә әкімшілікте екенін айтқан едім. Әлі де айтатыным, оқ-дәрі қоймасының жанында қала болмауы керек. Соғыссыз бейбіт заманда оқ-дәрі қоймасының дарылғаны дұрыс болмады. Бұл ­– апат», ­– деді Т.Әубәкіров.

Айта кетейік, күні кеше ҚР Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев Арыстағы жарылысқа қатысты кешірім сұрамайтынын айтқан болатын.