“Ешкімге бұйырмайды“: Семейдегі 19 жастағы қыздың өліміне қатысты мәліметтер шықты

0
105

Қайғылы оқиға 21 қыркүйекте қала маңындағы Водный кентінде болған.


“Ешкімге бұйырмайды“: Семейдегі 19 жастағы қыздың өліміне қатысты мәліметтер шықты

Иллюстративті фото:depositphotos.com

ERNUR.KZ. Семейде 19 жастағы қыз пышақ жарақатынан қаза тапты. Полиция оның танысы болған 24 жастағы ер адамды ұстады. Тергеудің алдын ала мәліметтері бойынша, олардың арасында қызғаныш салдарынан жанжал туындаған, деп жазады tengrinews.kz.

Туыстары не дейді

Еске салсақ, қайғылы оқиға 21 қыркүйекте қала маңындағы Водный кентінде болған. Марқұмның туыстары әлеуметтік желіде шабуыл жасаушы қызға сөз салғанын, бірақ ол бас тартқанын айтты.

"21 қыркүйекте Семей қаласында шамамен сағат 18:30-да небәрі 19 жастағы қарындасымды аяусыз өлтіріп кетті! Күдікті - одан бас тарту алған соң, "ол ешкімге бұйырмасын" деп шешкен 24 жастағы ер адам. Бұл алдын ала ұйымдастырылған топтық кісі өлтіру!", - деп жазды марқұмның туысы әлеуметтік желіде.

Туыстарының айтуынша, екі сағаттан кейін оларға күдіктінің ұсталғаны хабарланған. Қазір олар кінәлілер жауапкершіліктен жалтарады ма деп қауіптенеді.

Полицияның ресми жауабы

Абай облысы Полиция департаменті кісі өлтіруге күдіктінің анықталғанын нақтылады.

"Күдікті ізі суымай ұсталды. Ол ауданның 24 жастағы тұрғыны болып шықты. Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеудің алдын ала мәліметтері бойынша, күдікті мен 19 жастағы марқұм таныс болған. Олардың арасында қызғаныш негізінде жанжал туындаған", - деп хабарлады баспасөз қызметі.

Ведомство күдікті мен марқұмның бұрыннан таныс екенін мәлімдеді. Ал топтық құқық бұзушылық туралы ақпарат расталмады. Абай облысы ПД қыз пен жігіттің өзара жанжалдасқанын нақтылады. Ер адам пышақ жарақаттарын салған, салдарынан жәбірленуші көз жұмған.

Іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.