Есікте жанармай құю бекетінде жарылыс болды

0
649

72 жастағы жүргізуші ауруханаға жеткізілді. Оның денесінің 90 процентін күйік шалған.


Есікте жанармай құю бекетінде жарылыс болды

ERNUR.KZ. Алматы облысындағы Есік қаласында жанар-жағармай құю бекетінде газ резервуары жарылды, деп жазады Sputnik Қазақстан.

Ресми мәліметке сәйкес, бүгін сағат 10:15-те Есік қаласындағы "Әлем Ойл" жанар-жағармай құю бекетінде жол апаты болды. Land Cruiser Prado маркалы көлік газ резервуарын соққан. 4 текше метрлік қондырғы бұзылып, ішінен газ шыққан. Артынан жарылыс болды.

Land Cruiser Prado мен Hyundai Tucson маркалы көліктер отқа оранды. Айналадағы құрғақ шөп те жанған. Сағат 10:52-де өрт сөндірушілер тілсіз жауды ауыздықтады.


"Land Cruiser Prado көлігінің 72 жастағы жүргізушісі ауруханаға жеткізілді. Оның денесінің 90 процентін күйік шалған, жағдайы ауыр. Ал жанар-жағармай құю бекетінің 30 жастағы операторы кеудесін ауыртып алды. Оған алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, үйіне жіберілді", - дейді құтқарушылар.


Жанар-жағармай станциясының жанындағы жекеменшік үйлер зақымданған жоқ.