Есіл деңгейі көтерілді: 9 жылқы суда қалып қойды

0
197

Іздестіру пилотсыз ұшу аппаратының көмегімен жүргізілді.


Есіл деңгейі көтерілді: 9 жылқы суда қалып қойды

ERNUR.KZ. ТЖМ құтқарушылары 9 жылқыны суға кетуден құтқарды, деп жазады sputnik.kz.

Ақмола облысында Есіл өзенінің деңгейі жоғарылаған. Соның салдарынан 9 жылқы судың ортасында қалып қойған.
Жылқыларды су тұтқынынан құтқару үшін ТЖМ қызметкерлері мен жергілікті тұрғындар көмекке келді. Іздестіру пилотсыз ұшу аппаратының көмегімен жүргізілді.

Құтқарушылар жылқыларға жүзу құралдарымен жетіп, оларды қауіпсіз жерге айдап шығарды.