Кейін Қасым-Жомарт Тоқаев қорғаныс министріне еліміздегі әскери қару-жарақ қоймаларының сақталу және орналасуына байланысты толық анализ жасап, 20 тамызға дейін қорытындысын ұсынуды тапсырды.
ERNUR.KZ. Үкіметтің кеңейтілген отырысында президент Арыстағы жарылыстың салдары өте ауыр және қайғылы жағдайға кінәлі тұлғаларды жазалау керектігін айтты, деп жазады baq.kz.
Мемлекет басшысының қатаң сөгіс жариялағанын естіген қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев бірден «Есть!» – деп орнынан тұрды.
Кейін Қасым-Жомарт Тоқаев қорғаныс министріне еліміздегі әскери қару-жарақ қоймаларының сақталу және орналасуына байланысты толық анализ жасап, 20 тамызға дейін қорытындысын ұсынуды тапсырды.
«Оқиғаның салдары – өте ауыр. Ол туралы айтудың керегі жоқ. Қазір біз салдарын жоюға барынша күш салып жатырмыз. Баса айтқанда, қаланың көп бөлігін бомбалап тастады. Қазір арнайы комиссия тергеу жүргізіп жатыр. Комиссия жұмысының қорытындысы бойынша Президент әкімшілігі Қауіпсіздік кеңесіне кінәлі барлық тұлғаны қатаң жазалау туралы ұсыныс енгізу керек. Оның ішінде құрылысты қауіпсіздігі жоғары нысандарға жақын жерге салуға рұқсат берген азаматтық-мемлекеттік қызметшілер де (жаза беру керек – авт.). Бұл жұмысты 10 тамызға дейін аяқтау керек. Тиісті ұсыныстар беріңіздер. Қайталап айтамын, барлық кінәлі тұлға қатаң толық жауапқа және жазаға тартылу керек. Қорғаныс министрлігіне басқа осындай нысандар бойынша анализ жасауды тапсырамын. Оның қорытындысы туралы ақпаратты 20 тамызға дейін жеткізсін... Болған оқиғадан қорытынды шығару керек. Бұдан былай мұндай жағдайлар қайталанбау керек», - деді Тоқаев.
Президент Арыстағы жарылыс салдарын жою мен кінәлі тұлғаларды жауапқа тарту өз бақылауында екенін айтты.
«Арыс қаласындағы ликвидациялау жұмыстары толық менің бақылауымда болады», - деді президент.
Еске салсақ, Арыс қаласында әскери қойма жарылып, 3 адам қаза тапқан болатын.