"Естен кетпес күн": Төреғалидің қарындасы "Алтын белгі" алды

0
3 680

Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек мырзаның қолынан "Алтын Белгі" алу бұйырды.


ERNUR.KZ. Төреғали Төрәлінің қарындасы "Алтын белгі" алды, деп жазады Stan.kz.

Бұл туралы Фариза Төрәлі желідегі парақшасында жазба қалдырған. Мектепті үздік тәмамдаған ол еңбегінің ақталғанына қуанышты екенін жеткізді. Ата-анасын қуантып, үміттерін ақтағанына Фариза дән риза. Осылайша ару отбасын шаттыққа бөлегенін айтып мақтанды

"Аллаға шүкір! 11 жылғы еңбегім Аллаxтың қалауымен бүгін ақталды. Мен үшін ең керемет естен кетпес күн! Бүгінгі сезімімді сөзбен айтып жеткізу қиын. Осы күн үшін барымды салдым, ата-анамның шынайы қуанышын көру, мақтануларына себепкер болу мен үшін нағыз бақыт!", - дейді Фариза Төреәлі.

Ару қала әкімінің қолынан "Алтын белгі" алып, мәңгі есінде қалар күнді ойдағыдай өткізген. Жетістікке жеткен адамның ішкі сезімін де айтып берді ол. Адал еңбегіне күмән келтіріп, сенбейтіндердің көп болатынын алдын ала болжаған Фариза Төрәлі оқырмандарынан жаман пікір жазбауды сұраған.

"Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек мырзаның қолынан "Алтын Белгі" алу бұйырды. Ол кісінің сөздерінен көп нәрсені ұқтым, есімде сақтадым. Расымен бүгін жетістіктің дәмін таттым, Аллаға шүкір! Мақсат қойып, армандарыңызды жүзеге асырыңыздар! Адал еңбегім Алла мен жақындарыма аян. Білмей ойдан шығарып негатив жазудың қажеті жоқ", - деп жазды жас түлек.