Еуразия даму банкі су тасқыны салдарын жоюға 1 млн доллар бөлді

0
290

Банк басшылығы жыл қорытындысына арналған іс-шараларға бөлінетін қаржыны қысқартуға шешім қабылдады.


Еуразия даму банкі су тасқыны салдарын жоюға 1 млн доллар бөлді

ERNUR.KZ. Еуразия даму банкі Қазақстандағы су тасқыны салдарын жоюға 1 млн доллар бөлді, деп жазады sputnik.kz.

Банктің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сәйкес, жарты миллиард теңге су тасқынынан зардап шеккен бірқатар аймаққа жіберіледі.
"Біз Қазақстандағы жағдайдың маңыздылығын түсініп отырмыз. Сондықтан су тасқынынан зардап шеккен аймақтарды қолдауға 1 млн АҚШ доллары көлемінде қаржылай көмек жібердік", - дейді банк басқармасының төрағасы Николай Подгузов.
Бұдан бөлек, банк басшылығы жыл қорытындысына арналған жиналыс пен бизнес форумға бөлінетін қаржыны қысқартуға шешім қабылдады. Имидждік шаралар өткізілмейді.
Айта кетері, Еуразиялық даму банкі 2006 жылы Қазақстан мен Ресей президентерінің бастамасымен құрылған болатын. Содан бері оған бірнеше ел қосылды. Олар – Беларусь, Тәжікстан, Қырғызстан мен Армения.
Банк 18 жылдан бері экономикалық байланыстырды дамытуға күш салып келеді. Қазіргі жарғылық капиталы - 7 миллиард доллар.