Еуразиялық даму банкі Қазақстанға 5,6 млрд доллар инвестиция салды

0
1 005

Түрлі салаларда 5,6 млрд долларға104 жоба іске асырылды.


Еуразиялық даму банкі Қазақстанға 5,6 млрд доллар инвестиция салды

ERNUR.KZ. Еуразиялық даму банкінің Қазақстанға салған инвестицияларының көлемі 2022-2026 жылдарға арналған стратегияны іске асырудың алғашқы екі жылының қорытындысы бойынша жоспардан 70%-ға артып, 2,2 млрд доллардан асуы мүмкін, деп жазады sputnik.kz.

Николай Подгузов Қазақстан Еуразиялық даму банкінен тартылған инвестициялар көлемі бойынша көш бастап тұрғанын атап өтті. Түрлі салаларда 5,6 млрд долларға104 жоба іске асырылды. Бұл күн және жел генерациясының құрылысы, өңдеу секторы, химия өнеркәсібі кәсіпорындарын, жылу электр орталықтарын, көшелерді жарықтандыру желілерін жаңғыртуға, сондай-ақ пойыздардың құрамдас бөліктері паркін жаңартуға, аграрлық-өнеркәсіптік кешен секторы компанияларын дамытуға, әуежайлар, магистральдық газ құбыры құрылысына және т. б. қатысты.
Биылғы маусым айында Еуропа қайта құру және даму банкі, Ислам даму банкімен серіктестікте Еуразиялық даму банкінің қаржыландыруымен салынған Үлкен Алматы айналма автомобиль жолы бойынша көлік қозғалысы ашылды. Қазіргі уақытта Еуразиялық даму банкі халықаралық серіктестермен бірлесіп, Алматы әуежайын кеңейту мен жаңғыртуды қаржыландыруда. Оған қоса "Аягөз – Бақты" т/ж желісі және Қазақстан-Қытай шекарасында жаңа шекара бекетін салу жобаларының перспективасы да жоғары болып отыр. Жаңа инфрақұрылым жүк айналымын жылына 20 млн тоннаға арттыруға мүмкіндік береді деп болжануда.
Сонымен қатар Банк "Астрахан – Маңғышлақ" магистральдық су құбырын реконструкциялауға және кеңейту жобасына да қатысуға ниетті. Жобаның әлеуметтік маңызы жоғары екенін ескере отырып, арнайы қаржыландыру шарттарын ұсыну жоспарланып отыр.