Шенген визасының құны 3 жыл сайын қаралып отырады.
ERNUR.KZ. Еуропаға сапарлайтын азаматтар үшін виза құны қымбаттайды. Еурокомиссия визалық алымды ересектерге 80-нен 90 еуроға, балаларға 40-тан 45 еуроға дейін көтеруді ұсынды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Сондай-ақ ЕО-мен реадмиссия бойынша ынтымақтастаспайтын елдердің азаматтарына да виза құны қымбаттай түспек.
Бірақ ЕО-мен визалық режимді жеңілдету туралы келісімге келген елдер үшін жоғарыда айтылған өзгерістер әсер етпейді.
«Визалық кодексте көрсетілген тікелей визалық алымдарды қоспағанда, визалық режимді жеңілдету туралы келісімдерде көзделген алымдарға әсер етпейді», - делінген хабарламада.
Соңғы рет 2020 жылдың қаңтарында Еуропалық Одақ Шенген аймағына мүше елдермен келісе отырып, виза алудың стандартты алымын өзгертіп, 60-тан 80 еуроға дейін ұлғайтқан болатын.
Шенген визасының құны 3 жыл сайын қаралып отырады.