Ферроқорытпа зауытында зардап шеккендердің бірі қайтыс болды

0
441

Қалған бес зардап шеккен адамның жағдайы әлі де өте ауыр.


Ферроқорытпа зауытында зардап шеккендердің бірі қайтыс болды

ERNUR.KZ. Қарағандыда ферроқорытпа зауытында төтенше жағдай кезінде зардап шеккен 31 жастағы қызметкер алған жарақаттардың салдарынан қайтыс болды, деп жазады inform.kz.

Зардап шеккендердің бірі қайтыс болғаны туралы қайғылы жаңалықты Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасы мәлімдеді.

«Дәрігерлердің салған барлық күш-жігеріне қарамастан, Қарағанды ферроқорытпа зауытында зардап шеккен қызметкерлердің бірін өлім аузынан арашалап қалу мүмкін болмады. 1993 жылы туған ер адамның денесін 85% терең күйік шалған. Осы уақытқа дейін бұл науқас өте ауыр жағдайда болып, бүгін қайтыс болды», - деп хабарлады басқармадан.

Қалған бес зардап шеккен адамның жағдайы әлі де өте ауыр. Екі науқас реанимация бөлімінде.

Естеріңізге сала кетейік, 20 шілдеде Қарағандыда ферроқорытпа зауытының пешінде кенеттен жалын шықты. ТЖ салдарынан кәсіпорынның сегіз қызметкері зардап шекті. Олар Профессор Х. Ж. Мақажанов атындағы көпсалалы ауруханасына жатқызылды.

ҚР Денсаулық сақтау Министрлігінің тапсырмасы бойынша қосымша медициналық көмек көрсету үшін Қарағандыға Академик Н. Д. Бәтпенов атындағы Ұлттық Травматология және ортопедия ғылыми орталығының директоры Олжас Бекарысов бастаған қызметкерлер тобы келді.