Бұған дейін әуе компаниясы баж салығынсыз сауда негізінде сатып алынған өнімдерді тегін тасымалдауға қатысты шектеулер енгізген.
фото: Пресс-служба FlyArystan
ERNUR.KZ. Прокуратура талабы бойынша FlyArystan duty free тауарларын тасымалдау қағидаларын жаңартты, деп жазады sputnik.kz.
"Алматы қаласының әуе көлігі прокуратурасы әуе компаниясының қызметін талдау барысында баж салығынсыз сауда негізінде сатып алынған өнімдерді тегін тасымалдауға қатысты шектеулердің заңға қайшы екені анықталды", - деп жазылған хабарламада.
Прокурорлық қадағалау актісінің нәтижесінде FlyArystan өз ішкі қағидаларын түзетті.
2025 жылдың 1 қазанынан бастап халықаралық рейстердің жолаушылары duty free тауарларын қол жүгінде тегін алып өте алады. Жаңартылған құжат әуе компаниясының ресми сайтында жарияланады.
Прокуратурада мұндай өзгерістер заңнаманы бірыңғай қолдануды қамтамасыз етіп, жолаушылар үшін түсінікті жағдайлар қалыптастыратынын және әуе компаниясы жұмысының ашықтығын арттыратынын хабарлады.