Фонограмма үшін 4 млн теңге айыппұл салынады

0
74

Алдағы уақытта 200 адамнан артық жиналған жерде фонограмманы пайдалануға толығымен тыйым салынады.


Фонограмма үшін 4 млн теңге айыппұл салынады

фото: Sputnik / Абзал Калиев

ERNUR.KZ. Мәжіліс фонограмманы пайдаланғаны үшін салынатын айыппұлдың көлемін анықтады. Бұл туралы мәдениет вице-министрі Айбек Сыдықов мәлімдеді, деп жазады sputnik.kz.

Қазіргі заң бойынша концертте фонограмма пайдаланылатыны жайлы көрерменді ескерту керек. Ал жаңа заңға сәйкес, алдағы уақытта 200 адамнан артық жиналған жерде фонограмманы пайдалануға толығымен тыйым салынады.
"Қазіргі таңда мәжіліс депутаттары фонограммаға тыйым салу мақсатында Әкімшілік құқық бұзушылық кодексіне жаңа норманы кіргізіп отыр. Онда 1 000 айлық есептік көрсеткішке (2025 жылда - 3 932 000 теңгеге) дейін айыппұл салу қарастырылған",-деді Сыдықов сенаттың бүгінгі отырысында.
Оның айтуынша, фонограммаға тыйым салу мәселесіне жергілікті атқарушы органдар жауапты болады.