Фукуок-Астана бағытындағы ұшақ құспен соқтығысты

0
146

Фукуок – Вьетнамдағы ең ірі арал.


Фукуок-Астана бағытындағы ұшақ құспен соқтығысты

Фото:depositphotos.com

ERNUR.KZ. Желіде Фукуок – Астана бағытындағы ұшақ құспен соқтығысқаны туралы хабарлама пайда болды, деп жазады tengrinews.kz.

Threads желісінде қазақстандық жолаушы осы оқиға туралы жазба қалдырған.

"Қазақстаннан Вьетнамға ұшу қиын әрі ұзақ, әсіресе балалармен. Оған қоса, Шымкентте тоқтадық, сосын ұшағымыз құспен соқтығысқаны белгілі болды. Ұшақты еш қиындықсыз қондырған пилоттарға үлкен алғыс!" – делінген жазбада.

Біз бұл жағдайға байланысты SCAT әуекомпаниясынан ресми ақпарат сұрадық.

"Фукуок – Астана бағытындағы VSV5355 рейсі Шымкентке қатты қарсы желдің әсерінен жанармай құю үшін қонды. Осы кезде экипаж ұшақтың құспен соқтығысқанын анықтады. Әуекомпаниясы оқиғаның салдарын жою үшін қосымша әуе кемесін жіберді. Жолаушылар ыстық тамақпен қамтамасыз етіліп, ұшақты күту уақытына қаладағы қонақүйлерге орналастырылды. Жолаушылардың қауіпсіздігі – біздің басты басымдығымыз", – деп хабарлады әуе компаниясының өкілі.
Айта кетейік, Фукуок – Вьетнамдағы ең ірі арал. Ол өзінің әсем жағажайлары мен табиғатымен әлем саяхатшыларын қызықтырады.