Ғалымдар Шет ауданында 25 жаңа тарихи ескерткіш тапты

0
183

Бұл тарихи ескерткіштердің негізгі бөлігі – әртүрлі дәуірге жататын жеке қорғандар мен тұтас қорымдар.


Ғалымдар Шет ауданында 25 жаңа тарихи ескерткіш тапты

ERNUR.KZ. Мамыр айының соңына дейін Сарыарқа археологиялық институтының ғалымдары Шет ауданында іздестіру-барлау жұмыстарын жүргізді. Олар 25 жаңа тарихи-мәдени мұра ескерткішін тапты, деп хабарлайды Қарағанды облысының әкімдігі.

Бұл тарихи ескерткіштердің негізгі бөлігі – әртүрлі дәуірге жататын жеке қорғандар мен тұтас қорымдар. Әзірге егжей-тегжейлі зерттеусіз олардың нақты жасын анықтау мүмкін емес.

Алайда, өзіне тән белгілерінің жиынтығы бойынша ғалымдар табылған ескерткіштердің үш дәуірге – қола дәуіріне, ерте темір дәуіріне және орта ғасырға жататынын анықтай алды.

– Барлық табылған ескерткіштер туралы біз жергілікті атқарушы органдарға ресми түрде хабарлауымыз керек. Ал олар бұл орындарды күзетке алуға тиіс. Тек осыдан кейін ғана одан әрі зерттеулер, қазбалар жүргізуге болады. Бұл процесс жылдам жасалатын дүние емес, бірақ біз осы қорымдарда қазба жұмыстарын жүргіземіз. Жұмыстар Шет ауданының аумағын ғасырлар бұрын мекендеген адамдардың өмірін толықтыруға және жақсы түсінуге көмектеседі, – дейді Сарыарқа археологиялық институтының директоры Алексей Кукушкин.

Экспедиция мүшелері сондай-ақ бұрын табылған Шұнақ петроглифтерін зерттеді. Ғалымдар жиі кездесетін сюжеттерді сипаттап, петроглифтердің ең қызықты үзінділерін суреттеді. Мамандар петроглифтердің негізгі бөлігі қола дәуіріне жатады деген қорытындыға келді. Бұған сол кезеңнің дәстүрлі сюжеттік қатары дәлел бола алады – тұтас, адоранттар, солярлық белгілер, жабайы өгіздер, арбалар, аршалы жылқылар, жұлдызды аспан.