Ғұмар Серғазин атом энергетикасы саласында маман тапшылығы болмайтынын айтқан болатын.
Ғұмар Серғазин ҚР Атом энергиясы жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Мемлекет басшысының өкімімен Ғұмар Екпінұлы Серғазин Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды" - делінген хабарламада.