Игорь Лепеха мопедтерді тіркеу қашан басталатынын айтты

0
278

Қазақстанда мопедтердің саны 70 мыңға жуықтайды.


Игорь Лепеха мопедтерді тіркеу қашан басталатынын айтты

Фото: Колеса

ERNUR.KZ. Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха мопедтерді тіркеу мерзіміне қатысты пікір білдірді, деп жазады inbusiness.kz.

Оның айтуынша, бүгінде ІІМ мопедтерге қатысты тиісті заңның қабылданғанын күтіп отыр. Игорь Лепеха елімізде 70 мыңға жуық мопед бар екенін айтты.

"Біз оған қол қойып, қараша айының соңына дейін бұл жұмыстарды аяқтаймыз. 1 желтоқсанға қарай тіркеуді бастаймыз. Техникалық жағдайға қатысты қойылатын талаптар әзірге жоқ. Ең әуелі сәйкестікті, нөмірдің бар-жоғын қарайтын боламыз", – деді Ішкі істер министрінің орынбасары.