ІІ-тоқсанда оқушылар сабақты мектепте оқи ма - вице-министр жауабы

0
1 039

Қызыл және сары зонаға енген аймақтарға қатысты шешімді ведомствоаралық комиссия қарайды.


ІІ-тоқсанда оқушылар сабақты мектепте оқи ма - вице-министр жауабы

ERNUR.KZ. ҚР Білім және ғылым вице-министрі Мирас Дауленов ІІ- тоқсанда оқушылар сабақты қалай оқитындығы туралы сұраққа жауап берді, деп жазады zakon.kz.

Ол бұл мәселе бойынша шешім белгілі бір аймақтағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып қабылданатынын еске салды. Егер қызыл және сары зонаға енген аймақтар туралы айтатын болсақ, онда олар бойынша шешімді ведомствоаралық комиссия қарайды. Жалпы, министрлік қазір білім берудің онлайн режиміне де, сол секілді оффлайн форматына да сақадай дайын.

- Жағдай күн сайын өзгеріп тұрады. Оны басқа елдерде не болып жатқанын, коронавирус инфекциясының өсу динамикасына қарап, байқай аласыз. Мұның бәрі әр өңірдің эпидемиологиялық ахуалы қандай жағдайда екендігін ескере отырып шешіледі. Жақын арада бұл мәселе бойынша шешім қабылданып, ол бұқаралық ақпарат құралдары мен қоғамға міндетті түрде жеткізілетініне еп сенімдімін, - деді білім вице-министрі.

Бұған дейін ведомствоаралық комиссия ІІ- тоқсаннан бастап 300 оқушыға дейінгі қалалық және ауылдық мектептердің жұмысын дәстүрлі форматқа көшіру туралы шешім қабылдады. Кезекші сыныптарда ата-аналардың қалауы бойынша 1-5 сыныптар, халықаралық мектептерде 7 сыныптарға дейінгі оқушыларға оқуға рұқсат етіледі.