Мерекеде ақша жоғалтпау үшін қарапайым сақтық шараларын ұстану маңызды.
Фото:depositphotos.com
ERNUR.KZ. Ішкі істер министрлігі қазақстандықтарға мерекелік жеңілдіктер мен жаппай сатылым кезінде интернет-алаяқтық қаупі туралы ескерту жасады, деп жазады tengrinews.kz.
"Ғашықтар күні қарсаңында көпшілік сүйіктісіне мінсіз сыйлық іздейді. Мерекелік жеңілдіктер мен жаппай сатылым кезеңінде интернет-алаяқтар ерекше белсенді болады", - деді ведомствода.
Мерекеде ақша жоғалтпау үшін қарапайым сақтық шараларын ұстану маңызды.
- тауарды тек тексерілген сайттардан және ресми маркетплейстерден сатып алыңыз;
- хабарламалар мен пікірлердегі күмәнді сілтемелерге өтпеңіз;
- тым төмен бағадан сақ болыңыз: ұсыныс шектен тыс тиімді көрінсе, мұның арты жақсылыққа апармауы мүмкін;
- тауардың бар-жоғын растап алыңыз: мысалы, дүкеннің мекенжайын және тауарды көрсетіп, бейнеқоңырау арқылы тексеруге болады. Алаяқтар әдетте мұндай өтініштен жалтарып, оның орнына геолокация жіберуі мүмкін, бұл айла болуы ықтимал;
- төлем кезінде мұқият болыңыз. Ақшаны жеке шоттарға және күмәнді реквизиттерге аудармаңыз;
- жеке деректеріңізді қорғаңыз. Ешқашан бөгде адамдарға құпиясөздерді, SMS-кодтарды және банк картасының деректерін айтпаңыз.


