ІІМ Алматыдағы азаптау камералары туралы ақпаратты жоққа шығарды

0
896

​Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасы аталған деректің шындыққа сәйкес келмейтінін мәлімдеді.


ІІМ Алматыдағы азаптау камералары туралы ақпаратты жоққа шығарды

ERNUR.KZ. ҚР Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасы Жанат Ешмағамбетов желіде тараған Алматыда азаптау камералары құрылғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды, деп жазады inbusiness.kz.

"Қазіргі уақытта ақпарат кеңістігінде тергеу изоляторларының қабырғаларына азаптаулар туралы жалған ақпараттар жаппай тарауда. Біз олардың шындыққа сәйкес келмейтінін, жұртшылықты адастырып, болып жатқан оқиғаларды бұрмалайтынын жауапкершілікпен мәлімдейміз. Алматыдағы тергеу изоляторында ортағасырлық инквизиция үлгісінде азаптау камералары жасалғаны туралы жалған хабар тарауда. Мен мұндай нәрсе жоқ және болуы мүмкін емес деп айтқым келеді”, – деді спикер.