283 іздеуде жүрген қылмыскер анықталды және ұсталды
Фото: polisia.kz
ІІМ республика аумағында ТМД елдерімен бірлескен "Іздестіру" операциясын жүргізді. Екі күндік операция барысында республиканың криминалдық полиция қызметкерлері ауыр және аса ауыр қылмыстар жасағаны үшін іздеуде жүрген қылмыскерлерді ұстау бойынша бірқатар арнайы іс-шара өткізді, - деп жазады polisia.kz.
Нәтижесінде 283 іздеуде жүрген қылмыскер анықталды және ұсталды, оның ішінде кісі өлтіргені үшін – 8, денсаулығына ауыр зиян келтіргені үшін – 9, қарақшылық шабуылдар үшін – 3 және тонау жасағаны үшін – 5, олардың ішінде:
- республикадан тыс жерлерде – 20 (Ресейде – 10, Қырғызстанда – 4, Өзбекстанда – 3, Арменияда – 2, Молдова мен Түрікменстанда – 1);
- ТМД елдерінде – 134 (Ресейде – 78, Өзбекстан – 31 және Қырғызстанда – 18, Тәжікстанда – 2, Армения, Әзербайжан, Беларусь, Молдова және Түрікменстанда – 1).
Сонымен қатар хабар-ошарсыз кеткен 62 адам, оның ішінде 8 кәмелетке толмаған адам анықталды.
Мәселен, Астанада қаланың криминалдық полиция қызметкерлері Өзбекстан Республикасының ІІМ жедел-іздестіру тобымен бірлесіп, 2019 жылғы қаңтарда Наманган облысында балтамен қасақана кісі өлтіргені үшін іздеуде жүрген 29 жастағы Өзбекстан азаматын ұстады.
Ақтөбеде 1999 жылдан бері Орынбор облысы бойынша Ресей ІІМ-де іздеуде жүрген 55 жастағы Ресей азаматы ұсталды. Ол Орынбор облысының екі тұрғынымен бірге топтасып, бұрын жасалған мал ұрлығын жасыру мақсатында кісі өлтірген. Қылмыскерлер 1999 жылы 14 қарашада Александр ауданының тұрғынының үйіне кіріп, 15 мың рубль мүлікті ұрлап, үй иесін өлтіріп кеткен.
Таразда 2020 жылғы 9 маусымда Қарағандының дәмханаларының бірінде облыс тұрғынын өлтіруге оқталғаны үшін іздеуде жүрген Алматы облысының екі тұрғыны ұсталды.
Сондай-ақ аталған облыста 22 жастағы Өзбекстан азаматы ұсталды, ол 2015 жылдың наурыз айында топпен Шу облысы Сокулук ауданының тұрғынының үйіне кіріп, дене күшін қолданып, тапаншамен қорқытып, 395 мың сом сомасында ақшаны ашық иемденді.
Алматы облысының Қарасай ауданында Өзбекстан Республикасының 34 жастағы азаматы ұсталды, мамыр айынан бастап Самарқан қаласында болған қарақшылық шабуыл үшін Өзбекстан ІІО-да іздеуде болды, келтірілген залал - 40 мың АҚШ доллары.
Қарағандыда Ташкент қаласының ІІББ іздеуде жүрген 33 жастағы Өзбекстан азаматы аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін ұсталды, ол 2021 жылдың шілдесінде Тәжікстан азаматтарын ҚР-ға табыс табуға жіберген және оларға жалақы төлемеген.
Сонымен қатар шет елдердің аумағында ішкі істер органдарының қызметкерлері мемлекетіміздің құқық қорғау органдары іздеу жариялаған адамдарды ұстады.
Мәселен, Түркия Республикасының Секе қаласында 2022 жылғы 28 наурызда Іле ауданы Байсерке кентінің маңында, Алматы – Қонаев тас жолында темекі өнімдерін тасымалдаған жүк көлігінің жүргізушісін өлтірумен ұштасқан қарақшылық шабуыл жасағаны үшін іздеуде жүрген Алматы облысының 40 жастағы тұрғыны ұсталды.
Ресей Федерациясының Краснодар қаласында Павлодар облысының ПД 2008 жылғы қарашадан бастап іздеуде жүрген 42 жастағы қазақстандық Павлодар облысының Ақсу қаласының кәмелетке толмаған тұрғынын зорлағаны және өлтіргені үшін ұсталды.
Армения Республикасында Қостанай облысы ПД іздестіру тобы армян әріптестерімен бірлесіп, 2023 жылғы сәуірде Қостанай қаласында іздеуде жүрген 23 жастағы Қазақстан азаматын ұстады және жалпы салмағы 9,8 грамм болатын психотроптық затпен 3 жиынтық тәркіленді.
Ресейдің Томск қаласында осы жылдың тамыз айынан бастап Павлодар облысының ПД аса ірі мөлшерде есірткі сақтағаны үшін іздеуде жүрген 21 жастағы Павлодар облысының тұрғыны ұсталды.
Қырғыз Республикасының Бішкек қаласында алаяқтық жасағаны үшін Жамбыл облысы ПД-да іздеуде жүрген 50 жастағы Қазақстан азаматы ұсталды. 2019 жылдың тамызында аталған азамат өзін адвокат ретінде көрсетіп, күдікті адамды жауапкершіліктен босатуға уәде беріп, көп ақшаны иемденді.
Ұсталған қылмыскерлерді Қазақстан Республикасына экстрадициялау туралы мәселе шешіліп жатыр.