​Инспекторларға қауіпті кәсіпорынның қызметін тоқтатуға рұқсат беріледі

0
172

Бұл бастамалар формалды тәсілді жоюға және инспекциялық қызметтің тиімділігін арттыруға бағытталған.


​Инспекторларға қауіпті кәсіпорынның қызметін тоқтатуға рұқсат беріледі

фото: Sputnik

ERNUR.KZ. Мемлекеттік инспекторларға еңбек жағдайы қауіп төндіретін кәсіпорындардың қызметін тоқтата тұру құқығы беріледі. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова мәлімдеді, деп жазады sputnik.kz.

Қазіргі кезде еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында мемлекеттік бақылау жүйесін жетілдіру бойынша жаңа шаралар әзірленіп жатыр. Олар:
жұмыс берушіні тексеру туралы міндетті хабарлау рәсімінен бас тарту;
өмірге қауіпті жағдай анықталған кезде жұмысты тоқтату құзыретін беру;
жоспардан тыс тексерулер кезінде шектеулі тексеру парақтарынан бас тарту.
"Бұл бастамалар формалды тәсілді жоюға және инспекциялық қызметтің тиімділігін арттыруға бағытталған. Заңға тиісті түзетулер келісу кезеңінен өтуде", - деді Жақыпова үкіметтің бүгінгі отырысында.
Оның айтуынша жоспардан тыс тексерістер кезінде тексеру парақтарын қолдану мәселесі проблемаға айналып кеткен.
"Әсіресе, жұмыскерлер мен кәсіподақтардан шағым түскен жағдайда бұл практика еңбек инспекторларының әрекетін шектейді. Егер жұмыскер көрсеткен заң бұзушылық бекітілген тексеру парағына енгізілмесе, инспектор шара қолдануға құқығы жоқ. Ал барлық жағдайды тексеру парақтарымен толық қамту мүмкін емес”,-деп түсіндірді Жақыпова.
Осыған байланысты жоспардан тыс тексерістер кезінде тексеру парақтарын толтыру міндетін алып тастауға шешім қабылданды.