iPhone Қазақстаннан келетін қоңырауларды анықтай бастады – Бағдат Мусин

0
804

Ведомство басшысы Apple бұл өтінішті жылдам қарастырып, барынша ықылас танытқанын атап өтті.


iPhone Қазақстаннан келетін қоңырауларды анықтай бастады – Бағдат Мусин

ERNUR.KZ. Қазақстанның Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Apple компаниясымен бірлесіп, қазақстандық пайдаланушылардың абоненттік нөмірлерін теру кезінде елді көрсету мәселесін пысықтады, деп жазады Zakon.kz.

"Apple компаниясымен бірге көпшілікті алаңдатқан бір мәселені реттедік – енді «+77» және «+76» халықаралық кодтардан түсетін қоңыраулар «Қазақстан» деп көрсетіледі", дейді ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин.

Ведомство басшысы Apple бұл өтінішті жылдам қарастырып, барынша ықылас танытқанын атап өтті.

"Сөйтіп iOS 14 қолдайтын iPhone 6 және одан кейінгі құралдардағы аталған проблема шешілді", - дейді Бағдат Мусин.