Зардап шеккендер жоқ.
ERNUR.KZ. Ақтөбеде дүкеннен өрт шықты, деп жазады inbusiness.kz.
ТЖМ баспасөз қызметі мәліметінше, Ақтөбе қаласында тоғыз қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатындағы азық-түлік дүкенінде 4 шаршы метр алаңда тоңазытқыш өртенген.
"Құтқарушылардың жедел іс-қимылдарының арқасында өрт шақыру түскен сәттен бастап 20 минут ішінде ауыздықталды. ТЖМ күшімен баспалдақ маршымен 7 адам құтқарылды, оның ішінде 3-і бала, ал жоғарғы қабаттардан 5 бала және 11 ересек адам эвакуацияланды", - деп жазылған хабарламада.
Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр. ТЖМ азаматтардан өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды.