Із-түзсіз кеткен ер адам асылған күйінде табылды

0
2 962

Анатолий Сова 14 қазан күні үйінен шығып, сол күйі қайтып оралмаған


Із-түзсіз кеткен ер адам асылған күйінде табылды

көрнекілік фото ашықдереккөзден

ERNUR.KZ. Қарағандыда "Грандстор" сауда ойын-сауық орталығына жалғастыра салынған ғимаратта 48 жастағы ер адам асылған күйде табылды. Ер адамның жақындары мен еріктілер оны бір апта бойы іздеген деп жазады NUR.KZ.

Анатолий Сова 14 қазан күні үйінен шығып, сол күйі қайтып оралмаған. Отбасы оны бір тәулік бойы күтіп, келмеген соң полицияға хабарласқан. Іздеуге еріктілер жұмылдырылған. Еріктілер ер адам тұратын аудандағы барлық жертөлелерді, шатырларды, құдықтарды қарап шыққан.Оны сауда үйінің арт жағына жалғастырып салған қараусыз ғимараттан өтіп бара жатқан адамдар тапқан.

"Сауда үйінің артындағы барлық жалғастырып салынған ғимараттарды тексердік. Өкінішке қарай оны сол жерден таптық. Ол қаза болыпты", - деп мәлімдеді еріктілер.

Полицияның орталық бөлімінде Анатолий Сова 14-ші қазаннан бері із-түзсіз жоғалған азамат ретінде тіркелгенін растады. Іздеу ісі қозғалған.

Полиция ер азаматтың өліміне не себеп болғанын айтпады. Қылмыс па, әлде өзіне қол жұмсау ма, бұл тергеу кезінде анықталмақ.