Ғаламторда оғаш әрекет жасап, қайыр сұраған келіншектің видеосы желіде қызу талқылануда.
ERNUR.KZ. Ол шағын ыдыспен қолын көлік есігінің арасынан тығып, жүргізушіден ақша талап еткен, деп жазады Экспресс К.
Шағын ыдыс ұстап, жүргізуші көлігінің есігіне қолын тығып, ақша сұраған келіншектің бейнежазбасы Жесть телеграм-арнасында жарияланды. Видеода әйел еш қымсынбастан ыдысқа ақша салуын сұрап тұр. "Қолыңызды алыңыз, полиция келе жатыр, тәте" деп қорқытса, кеткісі келген жүргізушіні орамал таққан келіншектің жібергісі жоқ. "Қолымды қыстың" деп, ақырында ақша салдырады.
"Бес теңге емес, 200 теңге салсаңшы" деген оған ашуланған жүргізуші қолынан итеріп, есікті жабады. Бейнежазбада ұятты ысырып қойған келіншектің көлік айнасын қолымен жұлқыған сәтін де көруге болады.
Желі қолданушылары әйелдің арсыз әрекетіне ашуланып отыр.