«Қалтырақтап әрең отыр»: Талдықорған қаласында балаларды мас дәрігер қабылдаған (видео)

0
449

Дәрігер қызметінен айырылды.


«Қалтырақтап әрең отыр»: Талдықорған қаласында балаларды мас дәрігер қабылдаған (видео)

ERNUR.KZ. Бұл туралы Жұлдыз есімді желі қолданушысы Instagram парақшасына видео жариялаған, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

«Мен басқа хирургті шақырыңыз деп талап етпегенше, басқа қызметкерлер мен ата-аналар сол дәрігердің аузына қарап тұра берді», - деп жазды тұрғын.

Көп ұзамай Көпсалалы облыстық балалар ауруханасы дәрігердің жұмыс уақытында мас болып отырғанына байланысты қызметінен қуылғанын хабарлады.

«2024 жылы 30 мамырда кешкі уақытта қызметкердің мас екені анықталды. Ол Еңбек кодексінің 48-бабына сәйкес дереу жұмыстан шеттетіліп, Еңбек кодексінің 52-бабына сәйкес жұмыстан шығарылды», - делінген аурухананың түсініктемесінде.