Атырауда сүйіктісіне ұсыныс жасау кезінде отшашу ұйымдастырған жігітке айыппұл салынды
фото:Stan.kz
ERNUR.KZ. Атырауда «Ретро» саябағында жас жігіт сүйіктісіне ұсыныс жасаған кезде пиротехниканың көмегімен отшашу ұйымдастырды. Алайда, ғашығына отшашудың астында ұсыныс жасамақшы болған жігітке айыппұл салынды, деп жазады Stan.kz.
Хабарламаға сүйенсек, романтикалық отшашуды байқаған полиция қызметкерлері жас жігітке әкімшілік құқық бұзушылық жөнінде хаттама толтырды.
«Сотта 21 жастағы жігіт өз кінәсін мойындады және қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін кешірім сұрады. Сот шешімімен жас жігіт тәртіп бұзғаны үшін кінәлі деп танылып, 33 670 теңге көлемінде айыппұл төлеуге міндеттелді», – делінген хабарламада.