Балқаш көлінде жоғалып кеткен балықшы жағалаудан 24 шақырым жерден табылды

0
237

Осыған байланысты 112 қызметіне хабар түскен.


Балқаш көлінде жоғалып кеткен балықшы жағалаудан 24 шақырым жерден табылды

ERNUR.KZ. Жамбыл облысында Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары Балқаш көлінде жоғалып кеткен ер адамды тапты, деп жазады inbusiness.kz.

1981 жылы туған ер адам моторлы қайықпен балық аулауға шығып, белгіленген уақытта жағалауға оралмаған.

Хабарлама түскен бойда ТЖМ бөлімшелерінің күштері мен құралдары жұмылдырылып, іздестіру-құтқару жұмыстары ұйымдастырылды.

“ Іздестіру жұмыстары барысында ТЖМ құтқарушылары ер адамды көл акваториясынан, жағалаудан 24 шақырым қашықтықта тапты. Белгілі болғандай, балық аулау кезінде моторлы қайықтың қозғалтқышы істен шығып, ер адам өздігінен жағаға жете алмаған. Ер адам зардап шеккен жоқ, медициналық көмекке мұқтаж емес”, – делінген министрлік хабарламасында.