Ағылшын Жоғары соты «WorldWideMinerals» дауы бойынша Қазақстан пайдасына шешім қабылдады.
23 қарашада Англияның Жоғары соты Қазақстан Республикасына қарсы «World Wide Minerals» канадалық компанияның және Пол А. Кэроллдың талабы бойынша осыдан бұрын шығарылған төрелік шешімнің (соның ішінде залал, пайыздар және сомалар бойынша мәніне қатысты) күшін жойды, деп хабарлайды ERNUR.KZ ҚР Әділет министрлігінің сайтына сілтеме жасап.
2019 жылдың 29 қазанында Төрелік трибунал талап-арыздың жалпы сомасынан (1,9 млрд АҚШ доллары) 1%-дан кем мөлшерінде Талапкерлерге өтемақы ұйғарумен шешім шығарды.
Қазақстан Республикасы шешімге шағымдану үшін 2019 жылдың қараша айында 1996 жылғы Төрелік Заңның 68-бабының тәртібімен төреліктің қаралатын орны бойынша Англияның Жоғары сотына өтініш берді.
Нәтижісінде, Англияның Жоғары соты 2020 жылғы 23 қарашада қазақстандық тараптың дәлелдерімен келісе отырып, талапкерлерге ұйғарылған талап сомасы мен шығындарға қатысты шешімнің күшін жойып, оны төрелік трибуналға қайта қарауға жіберді.
Сондай-ақ, сот «World Wide Minerals Ltd» және П. Карролдан ҚР-ның пайдасына 350 000 АҚШ доллары көлемінде сот шығындарын өндіріп алу туралы шешім шығарды. Англияның Жоғары соты 1996 жылғы төрелік Заңның 68-бабының тәртібінде шағымдану процесіне байланысты Қазақстан Республикасына берілетін өзге де шығындардың сомасын қосымша бағалайды.
Бұл Қазақстан Республикасы өзінің беделін нығайту үшін құқықтық тетіктер қолдану шеңберінде өзінің мүдделерін қорғау жөніндегі жұмыстарды жалғастыратынын растайды. Осының бәрі әділ шешімдерге қол жеткізу жолындағы түбегейлі қайсарлықты көрсетеді.
Осы дауда Қазақстан Республикасының мүдделерін Әділет министрлігі, «Reed Smith LLP» халықаралық заң фирмасы, «Essex Court Chambers» адвокаттық палатадан Джо Смоуа корольдік адвокаты, Лондон қ. «3 Verulam Buildings» адвокаттық палатының мүшелері Кристофер Харискорольдік адвокаты және Пол Ви адвокатымен бірлесе білдіреді.
«Essex Court Chambers» және «3 Verulam Buildings» өкілдері бірқатар көпмиллиардтық төрелік талаптар бойынша Қазақстан Республикасының мүдделерін сәтті қорғағанын атап өту қажет.
Сондай-ақ, «3 Verulam Buildings»-ның өкілі корольдік адвокат Әли Малек 2017 жылы «Стати» ісі бойынша Англияның Жоғары сотында Қазақстан Республикасының мүдделерін білдірген. Оның нәтижесінде, Статидің пайдасына төрелік шешім алаяқтық жолымен алынғандығы туралы жеткілікті сенімді дәлелдердің (prima facie) болуы туралы шешім шығарылды.
Әли Малек «Жылдың банктік адвокаты» деп танылды.