Қанат Бозымбаев Қазақстанда АЭС салу мәселесіне пікір білдірді

0
764

Бұған дейін Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Қазақстанда АЭС салуға үміткер вендерлер арасында АҚШ кәсіпорындары да бар екенін айтқан.


Қанат Бозымбаев Қазақстанда АЭС салу мәселесіне пікір білдірді

ERNUR.KZ. Президент кеңесшісі Қанат Бозымбаев Назарбаев университетте өтіп жатқан халықаралық форум барысында БАҚ өкілдерінің сауалына берген жауабында Қазақстанда АЭС салу мәселесіне пікір білдірді, деп жазады inform.kz.

«Энергетика саласында жұмыс істеген адам ретінде пікіріңізді білсек деп едік. Қазақстанда АЭС салу туралы шешім қабылданса, қай елдің технологиясына жүгіну дұрыс деп есептейсіз», - деп сұрады журналист.
«Энергетика саласында жұмыс істеген адам ретінде сұрап тұрсаңыз, айтайын. Атом энергетикасы саласында станса салуда көшбасшылық етіп отырған 4 мемлекет бар. Ол, әрине, біздің екі көршіміз – Қытай мен Ресей, Оңтүстік Корея және Франция. Осы төртеуі бәсекелестікке шығуы мүмкін», - деді Қанат Бозымбаев.

Бұған дейін Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Қазақстанда АЭС салуға үміткер вендерлер арасында АҚШ кәсіпорындары да бар екенін айтқан.