Қанат Бозымбаев премьер-министрдің орынбасары болып тағайындалды

0
411

Қанат Бозымбаев 1969 жылы 8 қаңтарда Алматыда дүниеге келген.


Қанат Бозымбаев премьер-министрдің орынбасары болып тағайындалды

Президент кеңесшісі Қанат Бозымбаев премьер-министрдің орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап.




“Мемлекет басшысының Жарлығымен Қанат Алдабергенұлы Бозымбаев Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды”, – делінген президент жарлығында.

Қанат Бозымбаев 1969 жылы 8 қаңтарда Алматыда дүниеге келген. Үйленген, үш баласы бар. Білімі бойынша экономист. Қазақ мемлекеттік басқару академиясын бітірген.

Бозымбаев әртүрлі жылдар ішінде Алматы қаласы әкімінің көмекшісі, экономика және сауда министрлігінің аймақтық саясат басқармасының бастығы, "ҚазТрансОйл" компаниясында экономика мәселелері жөніндегі вице-президенті қызметтерін атқарып, 2016 жылы энергетика министрлігін басқарғанға дейін түрлі қызметтерді атқарған. Сонымен қатар, Бозымбаев президенттің көмекшісі, Павлодар, Жамбыл және Алматы облыстарының әкімі болған. Қазақстандағы қаңтар оқиғасы кезінде Алматы облысын басқарды. Ол бұл қызметтен 2022 жылдың маусым айында кеткен, содан кейін ол бір жылдан астам мемлекеттік қызметте болған жоқ.



2023 жылғы 4 қыркүйекте мемлекет басшысының өкімімен Бозымбаев Қазақстан президентінің кеңесшісі болып тағайындалды.

Айта кетейік, бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің бірқатар өңірінде болған су тасқыны салдарынан туындаған төтенше жағдайға байланысты шұғыл кеңес өткізген.

Президент Үкімет пен әкімдердің жұмысын немқұрайлы және кәсіби міндетіне сәйкес келмейді деп сынға алды. Жиын барысында президент су тасқынына қарсы уақытылы шара қабылдамағаны үшін премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярға, су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітовке қатаң сөгіс берген.