Қаңтар қырғыны: Алматы кәсіпкерлеріне 34 млн теңге өтемақы төленеді

0
566

Алматыда жаппай тәртіпсіздік кезінде кәсіпкерлердің кәсібіне 34 316 437 000 тенге шығын келтірілген.


Қаңтар қырғыны: Алматы кәсіпкерлеріне 34 млн теңге өтемақы төленеді

ERNUR.KZ. Бұл туралы онлайн брифинг барысында Алматы қалалық кәсіпкерлер палатасының директоры Айтуар Қошмамбетов мәлімдеді, деп жазады ulysmedia.kz.

«23 қаңтар мен 23 ақпан аралығында Infokazakhstan сайтына алматылық кәсіпкерлерден 1572 өтініш келіп түсті. Алайда өтініштердің кейбірі бірнеше рет қайталанған. Сондықтан, кәсіпкерлер палатасы аудандық әкімдіктермен бірге зардап шеккен кәсіпкерлерді анықтау жөнінде жұмыстар жүргізіп, өтемақы төлеу сомасының қорытындысын шығарды»,- дейді ол.

Тексеріс қортындысы бойынша, 1413 кәсіпкердің бизнесі зардап шеккені анықталды. Оларға келтірілген шығын 34 316 437 000 тенге.

«Қазіргі уақытта арнайы комиссиямен 755 өтінім қаралды, олар 2,2 млрд теңге. Мемлекеттік бюджетпен 372 өтініш қаралды, ол 1,2 млрд теңге болады», – деді спикер.

Оның айтуынша, өтініштердің 317-і сауда саласына тиесілі. Атап айтсақ зергерлік бұйымдар дүкені, ұялы телефон, киім-кешек және басқасы. Бизнес орталық бойынша 34 өтінім, қоғамдық тамақтану нысандары бойынша 26 өтінім, ломбард – 4, бағалау компаниясы мен лизингті терминалдар бойынша 9 өтінім мақұлданды.

«Мемлекет басшысының Бизнеске жедел көмек көрсету тапсырмасын іске асыру аясында жеңілдетілген тетік бойынша төлем сомасы 10 млн теңгеге дейін ұлғайтылды, сондай-ақ өтінімдерді қарау мерзімі екі есеге-1 айдан 2 аптаға дейін қысқартылды», – деді Айтуар Қошмамбетов.