Террорлық актілер мен тәртіпсіздіктер бойынша соталды тергеп-тексеруді арнайы прокурорлар жүргізеді.
ERNUR.KZ. Қаңтар оқиғасынан кейін Қазақстанда 2306 адам әкімшілік жауапкершілікке, 910 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігі мәлімдеді, деп жазады Tengrinews.kz.
"Ішкі істер органдары Бас прокуратураның басшылығымен ведомствоаралық жедел-тергеу тобы аясында қаңтардағы заңсыз акциялар мен жаппай тәртіпсіздікке тікелей қатысу деректері бойынша 2306 адамды әкімшілік жауапкершілікке тартты (ҚР ӘҚБтК-нің 443, 488 және 667-баптары), қылмыстық жауапкершілікке 910 адам тартылды (ҚР ҚК-ның 188, 191, 202, 255, 269, 272, 287, 291, 293, 380 баптары)", - делінген редакция сауалына жауапта.
Сондай-ақ, ведомство қылмыстық іс бойынша сотталғандар мен айыпталғандар арасында ішкі істер органдары ұстаған адамдар қатарынан "Йақын Инкар" діни-экстремистік ұйымы өкілдері жоқ екенін мәлімдеді.
Террорлық актілер мен тәртіпсіздіктер бойынша соталды тергеп-тексеруді арнайы прокурорлар жүргізеді. Деректер жария етуге жатпайды.
Айта кетейік, Бас прокуратура мәліметінше, қаңтар оқиғаларына қатысты күдікті ретінде күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалған шет мемлекеттің 15 азаматы (Өзбекстан - 9, Ресей - 3, Қырғызстан, Тәжікстан және қытай - 1) ұсталған.
Бұған дейін "Йақын Инкар" (Қазақстан аумағында тыйым салынған) экстремистік ұйымының мүшелеріне қатысты екі қылмыстық іс қозғалғаны хабарланған болатын.