Қаңтар оқиғасында 3 037 полиция мен ұлттық ұланның әскери қызметкерлері жарақат алған

0
587

Полиция қаңтар оқиғасы бойынша 4 623 қылмыстық істі тергеді.


Қаңтар оқиғасында 3 037 полиция мен ұлттық ұланның әскери қызметкерлері жарақат алған

ERNUR.KZ. Қаңтар оқиғасында 3 037 полиция мен ұлттық ұланның әскери қызметкерлері жарақат алды. Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында ҚР Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов айтты, деп жазады ҚазАқпарат.

«5 қаңтардан бастап аймақтарда төтенше жағдай режимдері мен коменданттық сағаттар енгізілді. 6 қаңтарда сағат 00.00-ден бастап терроризмге қарсы операция режимі жарияланды. Бұл – қысқа мерзімде елдегі құқықтық тәртіпті қалпына келтіруге мүмкіндік берді. Өкінішке орай, 19 қызметкер қаза тапты. 3 037 полиция мен ұлттық ұланның әскери қызметкерлері жарақат алды. 28-іне оқ тиіп, 177-сінің сүйегі сынған. 111-і пышақталған. Көптеген қызметкерлер әлі де ем алуда», - деді министр.

Оның атап өтуінше, полиция қаңтар оқиғасы бойынша 4 623 қылмыстық істі тергеді. Олардың көбісі – адам өлтіру, ұрлық, қару-жарақтың заңсыз айналымы, бұзақылық, бөтен мүлікті қасақана бүлдіру қылмыстары.

«20 мыңнан астам азаматтан жауап алынды. 5 мыңнан астам сараптама тағайындалды. Ұрланған мүліктің көбі тәркіленді. Қылмыстық істер бойынша 983 адам ұсталды. Оның 502-сі арнайы прокурорларға берілді», - деді Марат Ахметжанов.