Әлеуметтік желіде оқиға орнында түсірілген видео пайда болды.
ERNUR.KZ. Қарағанды-Балқаш тасжолында жантүршігерлік жол апаты болып, үш адам қаза тапты, деп жазады tengrinews.kz.
Әлеуметтік желіде оқиға орнында түсірілген видео пайда болды. Оқиға сол түні Шет ауданы, Ақжал ауылының маңында болған. Алдын ала болжам бойынша, көліктің 24 жастағы жүргізушісі рөлде ұйықтап қалып, қарсы жолға шығып кеткен.
"Жол-көлік оқиғасы салдарынан Chevrolet Cobalt жүргізушісі мен көлікте болған екі жолаушы алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды", - деді Қарағанды облысы ПД Шет аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметінің бастығы Қуаныш Қажкеров.