Елді мекендерге қауіп жоқ.
ERNUR.KZ. Қарағанды облысында 4 мың гектар жерді өрт шалды. Өртсөндірушілер табиғи өртті сөндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр, деп жазады Tengrinews.kz.
ТЖМ мәліметінше, өткен демалыс күндері Қарағанды облысының Ұлытау, Шет, Осакаров, Бұқар жырау аудандарында бір табиғи өрт және төрт дала жануы тіркелген. Жалпы аумағы 142 гектарда өрт сөндірілді.
Өртсөндірушілер Қарағанды облысының Ұлытау ауданындағы табиғи өртті сөндіру жұмыстарын жалғастырып жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша, өрт шыққан аумақ 4 000 гектар.
Өртті сөндіруге Қарағанды облысы ТЖД, жергілікті атқарушы органдарының, орман шаруашылығының күштері мен құралымдары, өртке қарсы ерікті құрылымдары және жергілікті тұрғындар жұмылдырылды. Олардың жалпы саны 229 адам және 66 техника.
Елді мекендерге қауіп жоқ.