Қарағанды облысында деструктивті ағым өкілі кәмелетке толмаған баланы зорлады деген күдікке ілінді

0
576

51 жастағы Теміртау қаласының тұрғыны республика бойынша іздеуде болған.


Қарағанды облысында деструктивті ағым өкілі кәмелетке толмаған баланы зорлады деген күдікке ілінді

ERNUR.KZ. Деструктивті ағым өкілі кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық жасады деген күдікке ілінді, деп жазады Stan.kz.

Қарағанды облысында Ішкі істер министрлігі, Полиция департаменті мен Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің қызметкерлері бірлесе отырып деструктивті ағым өкілін ұстады. Ол кәмелетке толмағандарға қатысты сексуалды зорлық көрсетті деген күдікке ілінген.

"Таблиғи жамағат" экстремистік ағымының мүшесі, 51 жастағы Теміртау қаласының тұрғыны республика бойынша іздеуде болған. Сонымен қатар ұзақ уақыт бойы Түркия мен Қырғызстанда жасырынған.

Тергеу жұмыстарын әрі қарай жүргізу үшін күдікті Қарағанды облысының құзырлы органдарына табысталған.